Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда тағы да мектеп оқушылары уланып қалды

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2015
  • 1696

Оралда тағы да мектеп оқушылары уланды. №12 мектептің 10 оқушысы қолқаны қабар жағымсыз иістен өздерін жайсыз сезінген. Үрейленген мұғалімдер сабақты тоқтатып, оқушыларды дереу сыртқа шығарған. Қазір ауруханаға түскен балалардың біреуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Флюра Саматова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Негізгі шағымдары жүрек тұсындағы ауырсыну және жалпы әлсіздік. Бір баланың жағдайы ауыр халде және үшеуінікі орташа ауыр халде деп бағалануда. Дегенмен, қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсарып, жалпы қанағаттанарлық деп бағалануда. Біреуі тек қана облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің қадағалауында, ал қалғандары үйлеріне жіберілді.

Мектепте көз жасаурататын газ шашып, аяқасты елді дүрліктірген тентектің кім екені де белгілі болды. Мұғалімдер оның осы мектептің 9 сыныбында оқитынын айтты. Енді оның ісімен полиция айналысады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер баласының бұзықтығы үшін ата-анасы да жауап береді дейді. Яғни 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді немесе еңбекпен түзету жұмыстарына тартылатынын хабарлады. Ал бұл оқиғадан кейін мектепте дереу сабақ тоқтатылған.

Жұмабике Нәсіпова, Орал қалалық №12 мектеп директорының орынбасары:

3-сабақтың тұсында болды, сағат ондарда. Иіс білінгеннен кейін оқушылардың бәрі таратылды. Үйлеріне барлық оқушылар таратылды. Ертең сабақ болады. Қазіргі таңда сынып жетекшілері барлық оқушылармен хабарласып, жағдайларын біліп отырмыз. 

Еркін КАРИН