Алматының «Қайрат» футзал командасы УЕФА кубогы жолындағы жарыстан шығып қалды. Мажарстанда өтіп жатқан іріктеу сынында алматылық клуб өзінің негізгі қарсыласы Ресейдің «Газпром-Югра» командасына жол беріп қойды.
Сонымен екі ойында 6 ұпай жинаған ресейлік ұжым алдын-ала ақтық сынға жолдама алды. Ал үлесінде 3 ұпайы «Қайрат» командасы соңғы турда Мажарстанның «Дьором» клубын жеңген күннің өзінде екінші сатыда қалады. Ал финалға төрт топтан бір-бір командадан ғана шығады. УЕФА кубогының ақтық сыны 2016 жылдың сәуір айында өтеді. Естеріңізге сала кетейік. Алматының қайрат командасы УЕФА кубогын 2013 және 2015 жылдары ұтып алған болатын.
Самат ҚАНАҒАТОВ