Русский Сайттың толық нұсқасы

ДАИШ Ресейге қоқан-лоққы көрсетуде

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2015
  • 1235

«ДАИШ лаңкестері Ресейді қанға бөктірмек. ДАИШ террорлық тобы интернетте бейнеүндеу жариялады. Онда Ресейге ашық қоқан-лоққы жасалған», - деп жазады ВВС News.

Содырлардың Al-Hayat Media Center порталынан орын тепкен роликте әлдекім орыс тілінде ән салады. Ағылшын тілінде субтитр берілген. Ол әнде террористердің Ресей аумағында қанды қырғын жасау ниеті бар екені айтылады. Бес минуттық роликте кепілде отырған ДАИШ содырларының жазаға ұшыраған сәттері бар бейнежазбалар көрсетілген.

Лаңкестер сондай-ақ Уралды, Кавказ бен Қырымды да басып алу жоспары бар екенін жариялаған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл жөнінде хабардар екенін айтты. Қазір бейнематериалды Ресейдің арнайы қызметі тексеріп жатыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА