Түркияда жексенбі күні басталатын «G-20» самиттінде ДАИШ террористік ұйымымен күрес мәселесі мен Сириядағы жағдай талқыланбақ.
Бүгін Ақ үйде баспасөз отырысын өткізген АҚШ тарапы жиынға Барак Обаманың қатысатынын растады. Бұл туралы «Рейтерс» агенттігі хабарлады. Осы сапарында Барак Обама Реджеп Тайып Ердоғаннан бөлек, Ресей президентімен де келіссөз жүргізуі мүмкін.
Сюзан Райс, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі:
Президент Барак Обама мен Ресей лидері Владимир Путиннің ресми кездесуі жоспарланбаған. Десе де, «G-20» секілді көп тарапты кездесулер кезінде тікелей диалог құрылуы әбден мүмкін.
Жұрағат БАМАН