Русский Сайттың толық нұсқасы

Жолаушыларға лық толған теміржол вокзалы қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыруда

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2015
  • 1369

Астана қаласының теміржол вокзалы қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы арнамызға "Вокзал-Сервис" АҚ бас инженері Жұбан Көрпебаев мәлімдеді.

Күні кеше ауа райының қолайсыздығына орай Елорданың барлық күре жолдары жабылған еді. Тіпті ішкі рейстерге қатынайтын әуе тасымалдары кейінге шегерілді. Сондықтан Жаңа жыл мерекесіне асыққандар теміржол вокзалына ағылып, ғимарат жолаушыларға лық толған. Шұғыл арада жедел штаб құрылып, барлық құзырлы органдар күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Өз рейстерін күткендерді ана мен бала бөлмелеріне жайғастыруға тура келген. Ақыры вокзал басшылығы қосымша вагон тіркеу арқылы мәселені түбегейлі шешті.

Жұбан Көрпебаев, «Вокзал-сервис» АҚ бас инженері: 

Шұғыл әрекет етіп, 42 қосымша вагондарды тіркеуге мәжбүр болдық. Бүгінгі күні жағдай қалыпқа келді. Штаттық режимде жұмысымызды жалғастырып жатырмыз.

Бұрқасынды күндері Астана мен Қарағандыдағы теміржол вокзалдарына 15 мыңнан астам адам жиналған. Қосымша вагондар арқылы Қарағандыдан 1300, Астанадан 2500-дей адам діттеген жерлеріне жетті.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА