Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» телеарнасында отандық телехикаяның тұсаукесері

  • AstanaTV
  • 16 қараша 2015
  • 1495

«Астана» телеарнасында «Жібек» телехикаясының тұсаукесері болды. Арнамыздың төл туындысы шынайы оқиға негізінде түсірілген. Көрерменге ой салып, қиындықтарды жеңуге сеп болуы бек мүмкін. Жаңа туынды жетім қыздың тағдыры, апалы-сіңлілі бойжеткендер арасындағы шиеленіс пен махаббат жолындағы күрестен тұрады.

Жылдың басты оқиғасына айналатын сериалдың көрсетілімі бүгін басталды. Телехикаяны жұмыс күндері сағат кешкі 19.00-де тамашалай аласыздар. Ал орыс тіліндегі жаңалықтардан соң жалғасы көрсетіледі. Айта өтейік бүгін телехикая барысында бірде-бір жарнамалық ролик көрсетілмейді. Сериалды ешқандай үзіліссіз көру мүмкіндігін өткізіп алмаңыз. Сағат 21.00-де «Жібек» телехикаясының жалғасын көріңіздер. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА