Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мұражайларына құнды жәдігерлер сатып алумен арнайы құрылған топ айналысады

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2015
  • 1289

Қазақстан мұражайларына құнды жәдігерлер сатып алумен арнайы құрылған топ айналысады. Оның құрамында археолог, нумизмат және тарихшы мамандар болмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі  Ғалым Ахмедьяров мәлімдеді.

Бүгінге дейін жәдігерлердің тарихи маңызын зерттеп, бағалау және сатып алуға рұқсат беру ісімен мұражай басшылары айналысып келген. Бұл өз кезегінде мемлекеттік сатып алулардағы жәдігерлер бағасын белгілеуде дау туғызған көрінеді. Жуырда қабылданған мәдениет саласы туралы заңда  осы мәселеге қатысты өзгертулер енгізілді. Сондай-ақ, заң аясында мәдени демалыс ұйымдарына мемлекеттік сатып алуларда еркіндік беру мәселесі қарастырылған. Яғни өнер ошақтары қойылымға қажетті реквизит, декорация мен костюмдерді мемлекеттік сатып алулар арқылы алған болса, енді еркін сауда жүргізу құқығына ие болды.

Ерік Жолжақсынов, «Астана цирк» директоры:

Шарт жасау кезінде регламенттейтін нормалар қолданылмай, жүзеге асырылады. Бұл да біз үшін үлкен бір өнерге деген көзқарас. Бізге үлкен қолдау. Біз ертеңгі күні кейде анау костюмды да сатып ала алмай қаламыз, кейде реквизитті де ала алмай қаламыз, осы нормаларға қарап. Ал бүгін, міне, бізге осындай нормаларды қолданылмай жүзеге асыруға болатындай жағдай тудырды. 

Жұрағат БАМАН