Мемлекеттік шығындар соңғы екі жылда 1,5 трлн теңгеге қысқарған. Қажет болса, тағы қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген жиынында белгілі болды. Үкімет мүшелері түгел жиналып, Президентке есеп берді. Мемлекет басшысы "дағдарысты жырлай бергеннен, жағдай түзелмейді", - деді. Сондай-ақ, жиында қандай ірі компаниялардың бірігетіні, қайсысының бәсекелі ортаға өтетіні сөз болды. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.
Күні кеше 1 доллар 300 теңге есебімен бюджет жобасы түзетілген еді. Ұлттық банк мұнай бағасы 40 доллар шамасында болса, қазіргі бағам сақталады, егер төмен құлдыраса, теңге қайта құнсыздануы мүмкін, дейді. Бүгін қара алтын құны 43 доллар болды. Үкімет үнемдеуге мәжбүр. Соңғы екі жылда шығындар бақандай 1,5 трлн теңгеге қысқарған. Бұл - басы ғана.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Маған 1,5 трлн теңгенің қысқарғанын айтты. Қараңыздар, біздің қалай шығындағанымызды. Бұл ретте ештеңе де орын алмайды. Тағы нені қысқартуға болатынын ойластыру керек шығар. Әрине, қажет болса.
Қысқартуға "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының шет елдегі бөлімдері де ұшырайды. Қазір 36 елде бір-бір кеңседен жасақталған. Енді өкілдіктер тек Лондон, Бейжің және Мәскеуде қалады. Осы тұста таяқтың бір ұшы "қолы ашық" қаржы министріне тиді.
36? Они уже сколько лет работают, там люди, бумаги, машины, телефоны, офисы. Если бы у нас был нормальный министр финансов - казначей, он бы следил за каждой копейкой. А ты давал и давал, сколько просили. - Я тебе поручил казну государства, ты - карман государства! Увеличили представителей по тому, как следить деньгами, казной государства.
Әзірге Сұлтанов орнында. Ал Шөкеев Президенттен өз құзіретін кеңейтуді сұрады.
- В смысле трансформации, я прошу, чтобы у меня было право вертикально спускать такие команды по всему холдингу. - Тебе дана должность, и ты жалуешься, что тебя не слушают? Неудобно слушать. Кто не слушает, давай, скажи? Кто Умирзака не слушает в «Самрук-Казыне»?
Рас, "Самұрық-Қазынада" жұмыс қарбалас. 9 деңгейлі 550 компания енді үш деңгейлі болып, 200-дейі ғана қалады. Тіпті "Қазтрансгаз" бен "Қазтрансойл" біріккелі жатыр. Біршама маңызды нысандар жекенің қолына өтеді.
Өмірзақ Шөкеев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы:
«Қазмұнайгаз» өзіне қарасты 206 компанияның 76-сын ғана қалдырады. Барлық «Мұнай өңдеу зауыттары» мен жанармай құю бекеттері желісінің 51 пайыз акциясы сатылады. ҚазТрансОйлда оптимизациядан кейін, құбыр арқылы тасмылау бизнесі ғана қалады. Қазмортрнаспорт және Батуми терминалы да бәсекеге қабілетті ортаға өтеді.
Бәсекелі ортаға өтетіндер тізіміне іліккен ірі 63 компанияның 43-і "Самұрық-Қазынаға" қарайды. Ол тізім белгілі, жуырда Үкімет бекіткен соң жария болмақ. Президент "жылтыр" жорналдың бетінен түспейтін, бай-бағландарды осы іске қатысуға тағы шақырды. Көпті алаңдатқан азық-түлік бағасы да сөз болды. Доллардың құбылуы бұл салаға әсер етпеуі керек, - деді Президент. Кезінде министрдің берген есебін есіне салды.
Егер де мемлекет тамағын сырттан әкелетін болса, ол тәуелсіз мемлекет емес. Өзінің отыны мен өзінің тамағы бар ел - тәуелсіз ел. Сен маған айттың ғой, 80 пайыз қамтимыз деп?
- 40 пайыз девальвацияға қарамастан, азық-түлік бағасы өсуі жоспарланған көлемде. Жыл басына азық-түлік инфляциясы 8-9 пайыз көлемінде.
Министрлер ісін ғана емес, сөзін де түзетуі тиіс. Үкімет мүшелері "түсінікті тілде" сөйлеп үйренуі керек. Мысалы, зейнет жасын ұзартуға қатысты даулы мәселені ел-жұртты дүрліктірмей-ақ жеткізуге болады, деді Президент.
Думаете, так просто поднимать пенсионный возраст? Для простого человека - это больно. Но если ему сказать, что твои дети не смогут получать пенсии через 15 лет - это он не понимает. Но это надо разъяснить. Почему вот так не объясняете людям? За наученно. Ешқайсың елмен сөйлесе алмайсыңдар. Что за политики?
Жыл басынан бері экономикалық өсім небәрі 1 пайызды құрады. Қос бүйірден қысқан дағдарыс өзге де табыс көздерін іздестіруге жол ашпақ. Сондықтан Президент қара бұлтты төндірмей, лайықты жұмыс істеуге шақырды.
Мировой кризис деп айта бергеннен, майы шықпайды оның. Ондай кризистер бола береді. Қандай шаралар қолдану керек, қиын қыстау заманда қандай жаңашылдық, қандай жағдайлармен шығуымыз керек. Алып бара жатқан ештеңе жоқ. Ел аман, жұрт тыныш, өз шаруаларын жасап жатыр. Дастарқанында тамағы бар, басында үйі бар. Астында машинасы бар. 550 жылдықты атап өттік айтыңдаршы, Арыстанбек, 550 жылда қазақ дәл осылай өмір сүрді ме?
- Шын айтқанда, біз бәріміз бақытты кезде өмір сүріп жатырмыз ғой.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ