«Агробизнес-2020» бағдарламасының уақытылы орындалуы екіталай. Агроөнеркәсіп саласының инновациялық дамуын зерттейтін жұмыс тобының отырысында осындай қорытынды жасалды. 
 
Мамандар пайымынша, 4 жыл ішінде еліміз өзін-өзі 80 пайыз азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайды. Дүкен сөрелеріндегі азықтың дені сырттан келеді. Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігі бізде Еуропа елдерімен салыстырғанда 5 есе кем. Климаты ұқсас Канада мен АҚШ астық жинау жөнінен 3 есе озып кеткен. Мамандар зерттеу нәтижелеріне сай бірқатар ұсыныстар жасап, ауыл шаруашылық министрлігімен бірлесе жүзеге асыруға ниетті.  
 
Салим Мифтахутдинов, "Үйлесімділіктің жаһандық технологиялары" ТҰК президенті: 
 
Ауыл шаруашылық министрлігі еліміз өзін-өзі 80 пайыз азық-түлікпен қамтамасыз етеді деп мәлімдеді. Уақыт өте, бұл сан 60 пайыз деп өзгертілді. Кейін 80 пайыз тек Алматы мен Астана қалаларына қатысты деген жаңа ақпарат шықты. Бағдарлама 4 жылдан соң аяқталатынын ескерсек, оның жүзеге асарына күмәніміз бар. 
 
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА