Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемен сейсмикалық қауіпті аймаққа жатқызылды

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2015
  • 1665

Өскеменде төтенше жағдай қызметінің жер сілкінісіне әзірлігі тексерілді. Республикалық сейсмология институтының дерегінше, бұл шаһар 2008 жылдан бері қауіпті аймаққа жатады. Ал осыдан бірнеше күн бұрын Зыряннан 100 шақырым қашықтықта қуаты 4 баллға жуықтайтын жерасты дүмпулері тіркелген.

Жаттығу сценарийі бойынша 7 баллдық зілзала кезінде студенттер колледж ғимараты астында қалып қойған. Ал кейбір адамдар сыртқа шығып үлгере алмады. Бұл аздай электр желілерінен өрт шығып, ғимарат отқа оранды. Жүздеген студент пен мұғалімдер жараланған. Оларға әскерилер мен құтқарушылар көмекке келді, арнайы техниканың көмегімен үйінді астында қалғандар сыртқа шығарылды. Сақтықта қорлық жоқ екендігін баса айтқан құтқарушылар, мұндай жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп тұрмақ.

Дастан Ахметов, Өскемен қалалық ТЖБ бөлім басшысы:

Осы колледжде мұғалімдердің іс-қимылдарын және басшылардың іс-қимылдарын және осы мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері бойынша атқарылған жұмыстар. Осыған көріп тұрғандай, 90-100 пайызға дейін әркім өз іс-қимылдарын атқарды деп есептеуге болады.

Еркін КАРИН