Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңіріндегі «Серебряный бор» жазғы лагерінде уланып қалған балалар дизентерия дертін жұқтырған

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2015
  • 1722

Қызылжар өңіріндегі «Серебряный бор» жазғы лагерінде уланып қалған балалар дизентерия жұқтырған болып шықты. Бұл жайында облыс орталығындағы № 3 аурухананың бас дәрігері Ержан Әбуғалиев айтты. 

Ержан Әбуғалиев, Петропавл қаласындағы №3 аурухананың бас дәрігері:

Келіп түскен сараптама қорытындысына сәйкес, негізгі диагноз - дизентерия. Бірақ бұл ауруды кімнің таратқаны әзірге белгісіз. Бұл мәселемен қазір тұтынушылар құқығын қорғау департаменті айналысып жатыр. Жалпы балалардың жағдайы қалыпты. Олардың аталған дерттен толық айығуына әлі 2 аптадай уақыт қажет.

Жазғы демалыс орнында тыныққан балалардың инфекциялық ауруды қайдан жұқтырғанын дәрігерлер ашып айта алмағанымен, Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері күні кеше жұқпалы ауруды асхана қызметкері таратты деген жорамал жасаған.

Еске салайық, өткен жұмада Солтүстік Қазақстан облысының «Серебряный бор» жазғы лагеріне Көкшетау және Астана қалаларынан демалуға барған балалар денсаулықтарына шағымданған болатын. Кешкі астан соң мазасызданған 80-ге жуық оқушы бірден жергілікті ауруханаға жеткізілген. Дәл осындай жағдай өңірдегі «Заря» лагерінде де тіркелді. Онда демалушылар құс етін жеп, кейін 21 адам ұшынып қалды. Айта кету керек, қазір осы фактілерге байланысты қылмыстық іс қозғалды.