Балаларға қатысты қылмысы әшкереленген шетелдік азаматтарға Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынсын. Мұндай ұсынысты еліміздің Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко жасады. Оның мәліметінше, елімізде жыл басынан бері балаларға қатысты сексуалды сипаттағы 700-ден астам қылмыс тіркеліпті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе артық. Кравченко шекарамен қатар ғаламтор кеңістігін еркін шарлаған анайы мазмұндағы контентті тыюды ұсынады.
Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Азаматтығы жоқ, бұған дейін де осындай қылмысқа қатысы болған азаматтарды біздің елге кіргізбеу бойынша шекарада жұмыс жасау керек. Телеарналардың мүмкіндігін пайдалана отырып, азаматтарымыз баланың зорлық-зомбылық көргеніне куә болса, бейқам қалмағаны қажет.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ