Валюта дәлізінің кеңеюі - теңге бағамының құнсыздануына дайындық. Қазақстан Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов Ұлттық банктің әрекетіне осындай баға берді. Бірақ байбалам салуға негіз жоқ деп, экономист Ұлттық банк төрағасының сөзін қайталады. "Доллар бағамының жоғарғы дәлізі 10 теңгеге өсті, ал бұл курстың 5 пайызын құрайды", - дейді қаржыгер.
Вячеслав Додонов, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институының бас ғылыми қызметкері:
Жаңа дәліз, көптеген сарапшылар айтқандай, теңге мен валюталық депозиттердің арасындағы айырмаға байланысты болуы мүмкін. Қазір ол айырма жеті жарым пайызды құрап отыр. Және доллардың 198-ді құрауы валюта курсының 5 пайызын ғана көрсетеді. Яғни долларға қарағанда, теңгелік депозиттер тиімді бола түседі. Мүмкін, мұндай дәліз осы себеппен кеңейтілген шығар. Ақшасын теңгемен ұстайтын депозит иелерін девальвациядан сақтау үшін.
Айта кетерлігі, күн бұрын Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамының дәлізін бірден 10 теңгеге кеңейтті. Енді 1 АҚШ долларының шекті жоғарғы айырбас бағамы - 198 теңгеге жетті. Әліптің артын бағып отыратын айырбас пункттері жаңалықты ести сала, доллар бағамын бір-екі теңгеге бірден өсіріп жіберді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ