Экс-премьер Серік Ахметовке қатысты соттың алдын ала тыңдалымы 10 күннен кейін өтеді, яғни 27 шілдеге жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Айыпталушылар қатарында экс-премьер-министрден бөлек, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, қала басшысы болған Мейрам Смағұлов та бар. Оған қоса өңірді басқарған басқа да лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлердің де тағдыры сотта қаралады. Облыстық соттың дерегінше, бұрынғы шенеуніктерге қатысты бұлтартпау шарасының да уақыты ұзартылған.
Атышулы іс сот ғимаратының алқабилер залында өтетін болды. Сот отырысына жергілікті судья Исламхан Есенбаев төрағалық етеді. Облыс және қаланың бұрынғы басшыларына қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджет қаражатын ұрлады, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты, деген бірнеше айып тағылған. Олар былтыр күзден бастап бірінен соң бірі қамауға алынған болатын.
Айжан ҚУАШ