Жыл басынан бері Астана жолдарында 46 адам қаза тауып, 600-ден астамы түрлі дене жарақаттарын алған. Осы статистикаға орай, Астанада «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» апталығы басталды. Оның аясында түрлі түсіндіру шаралары ұйымдастырылмақ. Барлық білім беру мекемелерінде арнайы жол ережелерін түсіндіру сабақтары жүреді.
Апта барысында «Өзара түсіністік күні» де жоспарланған. Бұл күні полицейлер жол ережесін өресекел бұзғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы парақшалар тартады. Нәзік жандылардың арасында «Авто леди» сайысы өтеді. САйыс әйелдердің жүргізушілік шеберліктерін пысықтау мақсатымен қолға алынған. Іс-шаралар жаппай жүгіру жарысымен аяқталады. Оған қатысушылар жол көлік апатынан қаза болғандардың құрметіне асапанға ақ шарлар ұшырады.
Сабыр Жүсіпбеков, Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:
Бұл шаралардың барлығы жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатымен қолға алынып отыр. Статистика көрсеткендей, жаяу жүргіншілер де, жүргізушілер де заңды өрескел бұзады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА