Алдағы күндері де Алматы облысында сел қаупі сақталады

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2015

Алдағы күндері де Алматы облысының тауларында сел қаупі сақталады. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Хабарламада, «Таулы аймақтарда жылу қорының сақталуынан, қардың үлкен қарқынмен еруі күтілуде. Сонымен қатар, бұл аймақта 24-27 шілде аралығында жауын-шашын жаууына байланысты, Алматы облысындағы таулы өзендерде су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін», делінген. 

Берік ХАСЕНОВ