Алматыда болған селден зардап шеккендерге көмек көрсететін штаб құрылды. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады. Алматыдағы селден зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы штабты құруды Алматы қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қолға алған.
Штаб Алматыдағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығында орналасқан. Онда еріктілерден таңғы 9-00-ден кешкі 21.00-ге дейін азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар қабылдануда. Сондай-ақ зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетушілер үшін арнайы есеп-шот ашылған. Экранда көрсетілген есеп-шотқа ақша аударуға да болады.
Берік ХАСЕНОВ