Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында пастереллез дертінен жаппай қойлар қырылып қалған

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2015
  • 1637

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында төтенше жағдай жарияланды. Маусым айының аяғында аудандағы мал шаруашылықтарына тиесілі 230-ға тарта ұсақ мал белгісіз себептермен қырылып қалған еді. Тағы 250 ден астам қой-ешкіге індет таралып үлгерген. Ветеринар мамандар малдың пастереллез дертіне шалдыққанын анықтады.

Ал жұқпалы аурудың жылдам тарауына сол күндері өңірде орын алған 50 градустық аптап ыстық себеп болған деп отыр. Жүздеген бас мал осы күнге дейін жан-жақты сараптамалық тексерулерден өткізіліпті. 600-ден астам қой ауруынан айыққан. Десе де Жаңақорған ауданында төтенше жағдай жарияланды. 

Ерсұлтан Әпетов, Қызылорда облысы ветеринарлық бақылау басқармасының басшысы:

Эндотоксимия және пастереллез диагнозы қойылды. Соған сәйкес біз Бесарық ауыл округіне, Жаңақорған кентіне шектеу қойдық, шектеу салынып, қазіргі таңда республикалық эпизоотияға қарсы отряд мемлекеттік мекемесі 107 мың доза пастереллезге, 107 мың энодотоксимияға қарсы егу жұмыс жасап жатыр. 

Шарипа САҚТАПОВА