Русский Сайттың толық нұсқасы

Малайзиялық мамандар Үнді мұхитында табылған ұшақтың бөлшектері жоғалған «Боингқа» тиесілі екеніне сенімді

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2015
  • 1512

Малайзия билігі Үнді мұхитында табылған ұшақ қанатының бөлігі 2014 жылы із-түссіз жоғалған «Боингқа» тиесілі екеніне сенімді. АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Малайзияның көлік министрі Абдулла Азиз Каправи сарапшылардың осындай ұйғарымға келіп отырғанын хабарлады.

Айта кетейік, Франция аймағына жақын Мадагаскар аралы маңында әлдебір ұшақтың бөлігі табылғаны туралы ақпарат тараған. Мамандар оның суда ұзақ жатқанын анықтаған. Әуе қауіпсіздігі саласының сарапшысы Ксавье Тительман, табылған бөлшектің жоғалып кеткен «Боингқа» тиесілі болуы ықтимал екенін жазған. Оның сөзінше, ұшақтың басқа бөліктерін мұхит толқыны әр тарапқа әкетуі мүмкін.

Еске салсақ, Куала-Лумпурдан Бейжіңге бет алған бортында 239 адам бар «Боинг – 777» ұшағы өткен жылдың 8 наурызында жоғалып кеткен. Іздеу жұмыстары әлі де еш нәтиже бермей отыр.

Жұрағат БАМАН