Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуы туралы мемлекеттік органдардың есебі көңілге қонбайды. Көрсеткіштердегі қарама-қайшылықты жоғары білімі бар мүгедектер қоғамдық бірлестігі жүргізген зерттеулер анықтады.
Министрліктің есебі бойынша, елде ресми тіркелген 630 мыңдай кемтар жанның 80 пайызға жуығы еңбекке жарамды. Оның 20 пайызы жұмыспен қамтылған делінсе, бірлестік мүшелерінің өз араларында жүргізген сауалнамасы көрсеткіштің екі есеге кем екенін көрсетті.
Қайрат Иманалиев, «Намыс» жоғарғы білімді мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Министрлік мүгедектердің шамамен 80 пайызы еңбекке жарамды деген мәлімет келтіреді. Сол 80 пайыздың 20 пайызы жұмыспен қамтылған делінген. Біз өзіміз зерттеу жүргізіп, мүлдем басқа сандарды алдық. Мүмкіндігі шектеулі жандардың шынымен 80-90 пайызы еңбекке қабілетті. Біздің зерттеулер олардың тек 10 пайызы жұмыс істейтінін анықтады, министрлік айтқандай, 20 пайыз емес.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ