Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңырдағы қазақстандық оқу стандартына көшетін алты мектепке оқулықтар жаңа бағдарламамен дайындалды

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2015
  • 1697

Биылғы оқу жылынан бастап қазақстандық оқу стандартына көшетін Байқоңырдағы алты мектеп жаңа бағдарламамен әзірленген оқулықтармен қамтамасыз етілетін болады. Ол үшін республикалық бюджеттен 58 миллион теңге бөлінген.

Ал облыстағы өзге де жеті аудан мен Қызылорда қаласының мектептеріне оқулықтар бесінші тамызға дейін жеткізіледі. Бұл туралы аймақтағы білім беру басқармасының басшысы айтты.Дегенмен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоныр қаласының білім ордаларына кітаптарды жеткізу жұмысы әлі басталмапты. Басқарма жетекшісі бір апта ішінде бұл жұмыстар толықтай орындалады деп, уәде етті. Жалпы өңірде 298 орта білім беру мекемесі бар. 

Бақытжан Сайлыбаев, Қызылорда облыстық білім басқармасының бастығы:

Бұған дейін жоғарғы класстарына дейін Ресейдің бағдарламасымен, стандартымен оқыды. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылыми академиясы мен Қызылорда әдіскерлері бірлесе отырып, екі ай бойы жұмыс жасады салыстыра отырып, сөйтіп, салыстырмалы бағдарлама жасады. Яғни айырмашылықтарын анықтап, сол бағдарлама бойынша оқитын болады. 

Шарипа САҚТАПОВА