Алдағы демалыс күндері еліміздің 6 бірдей облысында аптап ыстық болуы ықтимал. Синоптиктер осылай деп хабар таратты. 1-2 тамыз күндері Атырау облысында ауа температурасы +40+42 градусқа дейін көтеріледі. Батыс Қазақстан облысында да күн райы 42 градусқа дейін ысиды. Ал Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында сынап бағанасы кей жерлерде +45 градусқа дейін жететіні болжануда. Сондай-ақ, Қарағанды облысында ауа температурасы +40 градустан асып жығылады.
Ал еліміздің Төтенше жағдайлар комитеті дауылды ескерту хабарламасын таратты. Онда аптап ыстық салдарынан су деңгейі көтеріліп, соған байланысты шілденің 31-і мен тамыздың 3-і аралығында Алматы облысының таулы аймақтарында сел жүру қауіпі бар екені хабарланады.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ