Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Валют-Транзит банк салымшыларына қосымша төлемдер төленетінін жариялады. Ол үшін Центр Кредит банкті агент-банк ретінде тағайындады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз маслихатында белгілі болды.
1 тамыздан бастап күшіне енген заң 2007 жылы банкротқа ұшыраған Валют-Транзит банк салымшыларының депозит бойынша қосымша өтемақы алуларына мүмкіндік береді. Депозиті 700 мың теңгеден асқан әр салымшыға осы қаражаттың қалдық сомасы кепілдік өтем ретінде төленбек.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Бақыт Қоғұловтың сөзіне жүгінсек, мұндай төлемдер 4995 салымшыға төленеді. Оларға берілетін ақшаның жалпы сомасы 4,25 млрд теңге. 4772 салымшының негізгі қарызы бойынша талаптар толық орындалады. Ал салым сомасы 5 млн теңгеден асатын 223 салымшымен жұмыс заңнамада бекітілген тәртіппен таратушы комиссия арқылы жүргізіледі.
Өтемақыны алу үшін өтініштер 10 тамыздан бастап қабылданады. Ақшаны банкке хабарласқан соң 5 жұмыс күнінің ішінде алуға болады. Егер салымшылар 6 айдың ішінде Центр Кредит банкке хабарласа алмаса, онда бірден Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына келіп, қосымша төлемдер жөнінде ақпарат алуларына болады.
Бақыт Қоғұлов, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы:
Валют-Транзит банктің салымшылары өздеріне тиісті ақшаны алу үшін бірқатар құжаттар бапсыру қажет. Ол құжаттар қатарында заңмен білгіленген өтініш, жеке басын куәландыратын құжат болу тиіс. Егер салымшының орнына оның өкілі хабарласқан жағдайда нотариуспен расталған сенімхат болу қажет. Егер мұрагері хабарласқан жағдайда мұра қолын растайтын құжат болу керек.
Самат ҚАНАҒАТОВ