Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік білім гранттарына ие болған түлектердің тізімі жарияланды

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2015
  • 1532

Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім гранттарына ие болған түлектердің тізімін жариялады. Биыл ҰБТ қорытындылары бойынша байқауға 67 мың түлек қатысты. 32 мың 168 оқу грантының  - 12 500-і техникалық, 6 мыңы - педагогикалық және 2500-і ауыл шаруашылығы мамандықтары арасында үлестірілді. Оның 78 пайызы қазақ тілді мектеп түлектерінің еншісінде. Барлық оқу гранттары отандық 60 ЖОО арасында бөлінген. 2500 грант дайындық курстарына, 29 668-і бірінші курс студенттеріне тиесілі. Грант иегерлерінің 29 168-і күндізгі бөлімде, 500-і сырттай білім алады.

Байқауда 2116 «Алтын белгі» иегері, Назарбаев зияткерлік мектебінің 1255 түлегі, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстарының 1093 жеңімпазы, спорттық жарыстардың 816 жеңімпазы және 6 Президенттік олимпиада жеңімпазы басымдыққа ие болды. Сондай-ақ 483 жетім, 341 мүгедек жандар, түрлі жеңілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген 20 түлек пен 1200-ге жуық оралман қандастарымыз грантқа қол жеткізді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ