Русский Сайттың толық нұсқасы

2015 жылдың алты айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы төмендеген

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2015
  • 1326

2015 жылдың алты айында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда-саттық көлемі айтарлықтай төмендеген. Бұл туралы мәлімет Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің сайтында жарияланды.  

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанның аталған Одақ елдерімен өзара сауда айналымы көлемі - 7 миллион 805 мың АҚШ долларын құраған. Бұл 2014 жылғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 21 пайызға төмен. Оның ішінде экспорт 2 миллион 351 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылдың осы мерзімінен салыстырғанда, 27 пайызға жуық азайған. Ал импорт көлемі 5  жарым миллиондай АҚШ долларын құрады. Бұл тиісті кезеңмен салыстырғанда 18 пайызға аз.

Еліміз шетелдерге экспортқа шығарған тауарларының 50 пайыздан астамы минералды өнімдер, 20 пайызы - химиялық өнеркәсіп өнімдері, 17 пайыздайы - металлдар және олардан жасалған бұйымдар. Мал өнімдері мен көкөніс-жемістер, дайын азық-түлік тауарлары 4 пайызды құраған.

Берік ХАСЕНОВ