Индустриалдық-инновациялық
даму бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауда жоғарғы оқу орындарындағы
мамандықтар тізімі ұлғайды. Бұл жөнінде Астанадағы Еуразия ұлттық
университетінің проректоры Абзал
Талтенов мәлімдеді. Айтуынша, басты
назар техникалық мамандықтарға аударылып отыр.
Атап айтқанда, аэроғарыштық
бақылау, аналитикалық химия, агрономия, өндіріс технологиясы, ауыл шаруашылығы
өнімдерін өңдеу және токсикология
мамандықтары. «Болашақ»
бағдарламасы бойынша да мамандықтар тізімі 343-ке дейін ұлғайтылған. Бұл «Нұрлы
жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында қолға
алынып отыр. «Сондай-ақ, биылдан бастап
жоғарғы оқу орындарының кадрларды әзірлеу бағдарламасына құрылыс
конструкциялары мен материалдарын өңдеу және ғарыштық технология мамандықтары
енгізілген.
Абзал Талтенов, Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу жөніндегі проректоры:
Биыл
түскен 270 түлектің тең жартысы осы техникалық мамандықты таңдаған. Жыл сайын
бұл көрсеткіш, біз жылына үш мың адам қабылдасақ, мың-мың жарымы техникалық
мамандықтар болады. Олардың өту, «пороговый» баллдары жоғары, сондықтан
қызығушылық жақсы.
Жұрағат
БАМАН