Русский Сайттың толық нұсқасы

«EXPO - 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында тауарларды кедендік тазалау операциясы уақыты екі есеге қысқарды

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2015
  • 1470

«EXPO - 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында тауарларды кедендік тазалау операциясының уақыты екі есеге қысқарды. Бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің «Астана кедендеу бекеті» орталығы ұйымдастырған шара негізінде қолға алынған.  Бұрын импортталған тауарды рәсімдеу үшін, 3,5-4 сағат уақыт қажет болатын. «Қазір бұл операция бар болғаны 1-1,5 сағатта іске асады», - дейді бекет мамандары.

Елордадағы жалғыз орталық электронды кезек тәртібін енгізген. Осылайша, қызмет көрсету уақытын тежеп келген қабылдау терезелеріндегі кедергілерден құтылды. Жаңа форматтағы бекет осы жылдың бірінші жарты жылдығында тауар декларациясын рәсімдеуді едәуір арттырған. Өткен жылмен салыстырғанда, оның көлемі 500-ге жуық артып отыр. Бұл арқылы мемлекет қазынасына 18 млрд теңгеден астам кіріс кірген.

Серік Тоқтасынов, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті «Астана кедендеу бекетінің» бас маманы:

Ең біріншіден, экспорттық-импорттық операциялар мен шетелден келетін капитал көбейетінін білеміз. Соған орай Астанаға да ЭКСПО кезінде шетелден әр бизнестің өкілдері келеді. ЭКСПО-ға келетін тауарлардың барлығы Астана қаласының кедендеу бекетінде рәсімделеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ