Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» мен АПОЭЛ матчы алдында қаланың бірқатар көшелерінде қозғалыс шектеледі

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2015
  • 1299

Чемпиондар лигасының плей-офф ойындарында кездесетін «Астана» мен АПОЭЛ арасында өтетін матчтың алдында бірқатар көшелерде қозғалысқа өзгеріс енбек. Бұл туралы журналистерге елордалық Ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтыбай Бақытжан мәлімдеді.

Айтуынша, сағат 20:00-ден бастап Қабанбай батыр мен Тұран даңғылы аумағында, сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар мен Хусейн Бен Талал көшелерінде қозғалыс шектеледі. Айналып өту маршруты - Орынбор көшесі. Жанкүйерлер үшін Астана қаласының әкімдігі стадионға дейін қатынайтын арнайы автобустар бөледі. Аталмыш қоғамдық көліктер «Қазақстан» спорт кешені, «Салтанат Сарайы», Елорда циркі, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттері маңында тұрады. Сондай-ақ автобустар Мұнайтпасов атындағы стадион тұрағы алдынан аттанады. Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті Ұлттық гвардияның 2 мыңға жуық сарбазы қадағалайды.

Алтыбай Бақытжан, ҚР ІІМ ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

«Астана арена» маңында жол патрульдік полициясының эвакуаторлары жұмыс істейді. Ол жерде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, дұрыс жерге көлік құралдарын қоймағаны үшін, тұрған көлік құралдары әкімшілік жазаға тартылып, көліктер айыппұл алаңына апарылады.

Ж
ұрағат БАМАН