Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда толассыз жаңбыр селдің қайталануына септігін тигізуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2015
  • 1659

Алматыда селдің қайталануы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері осындай болжамды жоққа шығармайды. Бұған кешеден бері толассыз жауып жатқан жаңбыр септігін тигізуі ықтимал. Сондықтан Алматы қалалық Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері сел қаупіне байланысты ескерту жариялады. Онда тамыздың 14 мен 17 аралығындағы жауын-шашыннан Алматы облысының тауларында сел жүру қаупі бар делінген. Қазір мамандар  қала тұрғындары мен қонақтарының таулы аймаққа шықпауына кеңес береді.

Еске сала  кетейік,  Алматыда 23 шілде күні түнгі сағат 3-тер шамасында Қарғалы өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Наурызбай және Алатау аудандарын су басқан еді.

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы:

Төтенше жағдай қызметі «Казгидрометтің» берген №46, күннің ысуына байланысты  ақпары бойынша, тамыздың 14-17 аралығында таулы аймақтарда сел жүру қаупі сақталады. Кешеден бері жаңбыр жауып жатыр, ол да су деңгейінің көтерілуіне ықтимал етеді. Қазір «Қазселденқорғау» қызметі оны бақылауда.

Айгүл ЕРМАХАН