Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғалып кеткен индонезиялық тікұшақтың сынықтары табылды

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2015
  • 1195

Із-түссіз жоғалып кеткен индонезиялық ATR 42-300 лайнерінің сынықтары Оксибила қаласынан 12 шақырым жерден табылды. Бұл туралы Ассошиэйтед пресс агенттігі құтқарушыларға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ұшақ бортындағы 54 адам түгелдей қаза болды деген ақпарат әзірге расталмады. Қираған ұшақпен арадағы байланыс әуе кемесі жерге қонбас бұрын 10 минут бұрын жоғалып кеткен. Әуе апатының нақты себебі әлі анықталмады. Ұшақта 49 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы - индонезиялықтар.

Осы уақытқа дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі үшін Еуроодақ Trigana Air әуе компаниясын «қара тізімге» енгізген. Сонымен қатар,  апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 6,5 миллиард рупий болған көрінеді. Ақша субсидия ретінде шеткері аймақтардағы кедейлерге берілуі тиіс болған.

Берік ХАСЕНОВ