Алдағы үш күнде ауа-райы күрт өзгереді

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2015

Алдағы үш күнде еліміздің басым аймақтарында жауын-шашын болады деп күтілуде. «Қазгидрометтің» мәліметінше, Азиядан келетін құрғақ ыстық ауа ағынының орнын солтүстік теңіздерден келетін ылғалды ауа-райы алмастырады.

Сол себепті республиканың басым аймақтарында жаңбыр мен бұршақ жауып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел тұруы мүмкін. Тиісінше ауа температурасы да қалыпты нормадан 3-6 градусқа төмендейді, - дейді синоптиктер.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ