Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық полицейлер оқушылардың қауіпсіздігі үшін электронды турникеттер орнатуды ұсынуда

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2015
  • 1861

Оралдық полицейлер оқушылардың қауіпсіздігі үшін электронды турникеттер орнатуды ұсынуда. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Талғат Ахаев мәлімдеді.

Полиция дерегінше, жыл басынан бері кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен 127 қылмыс жасалған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 58% артық. Тәртіп сақшылары бұл жағдайды отбасы мен мектепте тәрбие жұмыстарының ақсап тұрғанымен байланыстырады. Әлбетте, әлеуметтік ахуалдың нашарлығын да ұмытуға болмайды. Бүгінде түрлі қылмыс жасаған 200-ге тарта жеткіншек полицияның есебіне алынды. Сонымен қатар, түнгі клубтар мен дәмханаларды кезіп жүретін жасөспірімдер де сақшылардың назар аударған.

Талғат Ахаев, БҚО ІІД басшысының орынбасары:

Турникеттер электронды жүйеде жұмыс істейді. Яғни бала мектепке кіргенде және шыққан кезде ата-анасының телефонына смс-хабарлама келеді. Осылайша, оларды бақылауға болады. Бұл ең алдымен олардың қауіпсіздігі үшін, теріс жолға түспеуі үшін қажет.

Еркін КАРИН