Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық шенеуніктер сауда нүктелерін аралап, азық-түлік бағасын бақылап тұрады

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2015
  • 1227

Астаналық шенеуніктер күн сайын ірі сауда нүктелерін аралап, бағалардың өсіп кетпеуін бақылауға алмақ. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді. 

Бүгін бірнеше әкімдік қызметкері шаҺардағы ірі сауда орындарына бас сұқты. Қазіргі жағдайға байланысты әкімдікте әлеуметтік тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ететін комиссия құрылған. Оған басқарма басшылары да кіреді. Жұмыс тобы күн сайын Астанадағы сауда орындарын аралап, бағалардың бірқалыпты болуын бақылайды.

Андрей Лукин, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Байқауымызша, ешбір тауар бір теңгеге де қымбаттаған жоқ. Біздің топ жұмыс істеп жатыр. Баға тұрақтылығын ұстап тұрамыз деп, сенімді түрде айта аламын. Бұл қала экономикасына, қала берді ел экономикасына әсер етеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ