Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңгенің долларға шаққандағы еркін айырбас бағамы тұрғын үйдің өзіндік құнын 7-8% қымбаттатуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2015
  • 1509

Теңгенің долларға шаққандағы жаңа айырбас бағамы тұрғын үйдің өзіндік құнын  қымбаттатуы мүмкін. Бұл орташа алғанда небәрі 7-8 пайызды құрауы ықтимал. Мұндай пікірді отандық құрылысшылар қауымдастығының атқарушы директоры Аслан Төкеев білдірді. Оның сөзінше, қымбаттау әсіресе 50 пайызға дейін шетелдік құрылыс заттарын пайдаланатын элит-класстағы баспаналарда байқалмақ.

Ал эконом-класстағы пәтерлердің шаршы метрлеріне бағаның құбылуы  азырақ болуы тиіс. Өйткені оларда тек  25 пайыз шет елдің өнімі қолданылады. Аслан Төкеевтің айтуынша, Үкіметтің теңгені еркін саудаға жіберу туралы шешімін кейбір құрылыс компаниялары ұтымды пайдаланып, саудасын қыздыра түскен көрінеді.

Аслан Төкеев, Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының атқарушы директоры:

Бұл шаршы метрлерге доллардың ескі айырбас бағамын ұстап тұру арқылы іске асырылуда. Кейбір құрылыс компаниялары 189, кейбірі 198 бағамын ұстанып отыр. Бұл баспана алуды жоспарлап жүрген азаматтарға жақсы мүмкіндік болды. Әрине, жаңа 252 теңге бағамын ұстанған компаниялар да бар, бірақ оларда сауда тежелді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ