Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 6 айда 7,5 мыңнан астам сотталғандар бостандыққа шықса, олардың 1,5 мыңдайы жұмыспен қамтылған

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2015
  • 1278

Қазақстандағы түрмелерден соңғы 6 айда жеті жарым мыңнан астам сотталғандар бостандыққа шықты. Осы уақытқа дейін олардың мың жарымы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

«2015 жылы түрмеден босап шыққан 1500 азамат жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 750 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 141 адам жұмысқа тұрды», - деді вице-министр. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, жергілікті атқару органдары сотты болған 1280 адамға медициналық көмек көрсеткен. Бұған қоса 49 адам білім беру бойынша тиісті жәрдем алған. Жазасын өтеп шыққан 1013 адамға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетілді.

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметттік даму вице-министрі:

Егер түрмеден шыққан адамның тіршілік етуге қаражаты және тұрғылықты мекені болмаса, онда ол босағаннан кейін арнайы әлеуметтік бейімдеу орталығына бағытталады. Қазақстанда мұндай 24 орталық бар. Қазіргі таңда ол жерлерге тиісті жазасын өтеп шыққан 426 адам орналастырылған.

Жұрағат БАМАН