Ұлттық жоғарғы оқу орындары мемлекет қазынасынан бөлінетін қаражаттан қағылуы мүмкін. Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев осыны қадап айтты. Айтуынша, соңғы 14 жыл ішінде аталған оқу орындарына қыруар қаражат қаралғанымен, нәтиже көңіл көншітпейді.
Сондай-ақ, вице-премьер «Кәсіпқор» ұлттық холдингінің жұмысын да сынға алды. Еске салсақ, холдинг әлемдік деңгейдегі колледжерді құрып, дамыту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында құрылған еді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА