Бүгін түнгі сағат 00:45-те «Астана» футбол командасы сырт алаңда жауапты ойын өткізеді. УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесінде «Астана» Кипрдің АПОЕЛ командасымен қарымта кездесуге шығады.
Еске сала кетейік, қос команда арасындағы алғашқы ойын «Астананың» жеңісімен аяқталған болатын. Өз алаңында 1:0 есебімен басым түскен елордалықтарға турнирдің топтық сайысына шығу үшін тең есеп те жеткілікті.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА