Русский Сайттың толық нұсқасы

Николай Радостовец: Металлургиядағы дағдарыс 2019 жылға дейін жалғасады

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2015
  • 1213

Металлургия саласындағы дағдарыс шамамен төрт жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы Тау-кен және металлургия кәсiпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец мәлімдеді.

Бұған 2014 жылы осы салада бағаның күрт құлдырауы себеп болған, - дейді ол. Радостовецтің айтуынша, металлургия саласындағы ахуал алаңдатарлық. Ол өз сөзінде Үкiметтен қолдау таппасақ, бiрқатар өндiрiстер мүлде бәсекеге қабiлетсiз болып қалады дегенді атап өтті.

Николай Радостовец, Тау-кен және тау-металлургия кәсiпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры:

Металлургия саласындағы дағдарыс - Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде орын алып отырған құбылыс. Барлық жерде баға түсiп жатыр, халықаралық сарапшылардың болжауынша, қалай болғанда да, 2015-17 жылдар аралығында қуантарлық өзгерiс бола қоймайды. Шамамен 2018-2019 жылдары өрлеу байқалады, деген ойдамын.

Берік ХАСЕНОВ