Қазақстан жаһандық экономикалық дағдарысты алдағы 3-5 жыл ішінде еңсереді. «Мckinsey» компаниясының еліміздегі кеңсе филиалының басшысы Юкка Максимайнен осындай пікірде.
Ол «Қазақстанның негізгі табыс көзі болып отырған мұнай, газ және металл құны алдағы 5 жыл ішінде әлі де құлдырайды» деген болжамымен бөлісті. Тек осыған байланысты ел экономикасы бірқатар қиындықтарды бастан кешіреді, одан қашып құтылу мүмкін емес, -дейді Максимайнен.
Юкка Максимайнен, «MCKINSEY COMPANY» Қазақстандағы кеңсесінің филиал басшысы:
2008-2009 жылдары болған әлемдік экономикалық дағдарыстан әлі де көз аша алмай отырған елдер бар. Десе де, өткен жылдар тәжірибесі көрсеткендей, кейбір мемлекеттер дағдарыстан өзіне тіпті пайда түсіреді. Қазақстан бұл ретте орта тұсты сақтап тұр. Өйткені негізгі табыс көзіне айналған өнімдерінің бағасы әлі құлдырайды, деген болжам бар. Бірақ оңтайлы реформалардың арқасында Қазақстан экономикасы тез оңалады деген сенімдемін.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА