Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай билігі қор нарығында қыйтұрқылыққа жол берген 197 адамды тұтқындады

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2015
  • 1238

Қытай билігі қор нарығында қыйтұрқылыққа жол берген деген күдікпен 197 адамды тұтқындады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап, Рейтерс агенттігі хабарлайды. Ұсталғандар Тяньцзинде болған жарылыс бойынша алып-қашпа әңгіме таратты деп те айыпталып отыр.

Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздік министрлігі интернетте құнды қағаздар нарығы туралы жалған ақпарат таратып келген 165 аккуантты жауып тастады. Шындыққа жанаспайтын ақпараттар легінде қор нарығының құлдырап кетуінен бір адам 17 қабаттан секіріп кетті немесе Тяньцзинде болған жарылыстан 1300-ден астам адам қаза тапты деген сынды мәліметтер болған. Қазір ұсталғандар жалған ақпарат таратумен айналысқандарына өкінді, деп хабарланады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ