АҚШ қытайлық компаниялар мен жеке тұлғаларға, өздерінің коммерциялық кәсіпорындарына кибершабуыл жасауына байланысты, санкция салуды жоспарлап отыр. Бұл жайында Washington Post мәлімдеді.
Соңғы кездері АҚШ үкіметіне көптеген кибершабуыл жасалынды. Америкалық билік өкілдері Қытай тарапынан күдіктеніп отыр. Өз кезегінде Аспан асты елі АҚШ-тың ақпараттық базасына қарсы тиым салынған әрекеттер жасамағандығын, керісінше өздері де кибершабуылдың құрбаны болып отырғанын айтуда.