Wall Street Journal: Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияның мерзімін ұзартуы мүмкін екенін мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2015

Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялардың мерзімін 2016 жылдың 15 наурызына дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл жайында The Wall Street Journal сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып жазады. 

Бұл жөніндегі нақты шешім бүгін қабылданады. Сонымен, 15 қыркүйекте мерзімі аяқталуы тиіс санкцияның болашағы әлі белгісіз күйде қалып тұр. «Еуропалық одақ қарулы қақтығысты тоқтату жөніндегі Минск келісімінің орындалуына көңіл бөліп отыр. Сол себепті Ресейдің бірнеше азаматы мен Украина сепаратистік ұйымдарының өкілі болып табылатын 200 адамға және бірнеше компанияға салынған санкция мерзімін 15 наурызға дейін ұзартпақ», делінген мақалада.