Дәстүрлі 72-ші Венециандық
халықаралық кинофестиваль биыл Италияның Лидо аралында бастау алды. Фестивальдің
шымылдырығын белгілі режиссер Бальтазар Кормакураның «Эверест» фильмі ашты. Бұл
туралы ақпарды BBC таратты. Жалпы фестивальде 21 туынды көрсетіледі деп
күтілуде.
Биылғы додаға төрелік ету мәртебесі жуырда «Шет тілдегі үздік фильм»
номинациясында «Оскар» иеленген «Ида» фильмінің авторы, польшалық режиссер
Павел Павликовскийге және тағы басқа белгілі режиссерлерге бұйырды. Айта
кетейік, Венециандық кинофестиваль 12 қыркүйекке
дейін жалғасады. Қорытындысында үздік фильмге «Алтын
арыстан» сыйлығы табыс етіледі.
Жұрағат БАМАН