Бизнес-омбудсмендердің уәкілеттігі кеңейеді. Бұл жөнінде Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді. Яғни бұдан былай бизнес-омбудсмендер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүше болып табылады. Және олардың мемлекеттік органдарға өз ұсыныстарын енгізуге де мүмкіндіктері болмақ.
Мемлекеттік органдар тарапынан шешімін таппаған даулы мәселелерді тікелей президенттің қарауына жіберуге де бизнес-омбудсмендерге құқық беріледі. Өздері де жыл сайын Елбасының алдында есеп беріп отырмақ.
Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Бизнес-омбудсмен институтының нығаюы кәсіпкерлердің құқығын қорғауға зор үлес қосады. Үкімет қарастырған заң жобасына сай, омбудсменнің мәртебесін асыру үшін, оның жұмысы президентке бағынышты болады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА