Қазақстандық диқандар егіс науқанын уақытылы аяқтады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі мәлімдеді. Көктемгі дала жұмыстарының дер кезінде орындалуына қолайлы ауа райы да септігін тигізген. Сондай ақ техникалар сақадай сай болып, жанармай тапшылығы болмады,- дейді ведомство өкілі.
Биыл елімізде 17,5 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары себілді. Бұл көктемгі егіс көлемінің 95 пайызын құрайды. Оның ішінде масақты дақылдар 14,5 млн гектар. Майлы дақылдар 2 млн гектарға жуықтайды. Көкөніс-бақша - 230 мың, картоп 180 мыңнан астам гектарға егілді. Мақта - 108 мың, қант қызылшасының тұқымы 12 мың гектардай жерге себілген. Сондай-ақ брифингте айтылғандай, егін шаруашылығы саласын субсидиялауға 35 млрд теңге бөлінген.
Алмабек Марс, ҚР АШМ комитет төрағасының орынбасары:
Көктемгі дала жұмыстарында дизель отынымен қамтамассыз ету мәселесі пысықталып, жалпы республика бойынша ауыл шарушылығы тауар өндірушілердің қажеттігі 366,8 мың тонна дизель отынымен қамтамасыз етіліп отыр. Оның литрі 92 теңгеден бөлініп отыр. Бұл 7 пайызға нарықтан бағадан төмен болып отыр.