Венециандық
халықаралық кинофестиваль биыл Италияның Лидо аралында бастау алды. 72-ші
рет өткізіліп отырған шараның шымылдырығын белгілі режиссер Бальтазар
Кормакураның «Эверест» фильмі ашты. Авторлардың айтуынша, туынды 1996 жылы
болған оқиғаның желісімен түсірілген. Басты рөлдерді Кира Найтли және Робин
Райт сомдайды. Жалпы кинобайқауда 21 фильм көрсетіледі деп күтілуде. Үздік
фильмдер қатарында режиссер Том Хупердің «Даниялық қыз»
атты картинасын атап өтуге болады.
Фестивальде
атақты киноактерлер түскен туындылар да көрсетіледі. Мәселен, «Джэк Воробей»
есімімен танымал әйгілі Джонни Дэпп байқауға қатысатын «Черная
месса»
фильмінде егде адамның рөлін ойнайды. Көрермен көзайымына айналары анық фильмдер
қатарында кино мамандары «Безродные звери»
туындысын ерекше атап өтті.
Фильмнің мазмұнына үңілсек, жастайынан отбасынан айырылып, жалғыз қалған Агу
есімді кішкентай африкалық баланың қиын тағдыры бейнеленген. Кино сарапшыларының болжамынша, дәл осы фильм фестивальдің
бетке ұстар туындыларының біріне айналуы мүмкін.
Джей
Вайзман, «Variety» журналының сарапшысы:
Аталмыш
фильмнің сюжеті, шынымен де, өте қызық. Баланың жастайынан бастан кешкен қиын тағдыры көрсетілген. Жалпы фестивальдегі
фильмдердің жанрлары сан алуан. Байқау төрешілеріне үздігін анықтау қиынға
соғары анық.
Жұрағат БАМАН