Тәжікстанда бүлікшілермен қақтығыстарда 18 полиция және 26 әскери қызметкер қаза тапқан

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2015

Тәжікстандық әскери күштер генерал-майор Абдухалим Назарзодаға қарсы арнайы әскери операция жүргізуде. Оған лаңкестік фактісі бойынша айып тағылған болатын. Қақтығыстар Рамит шатқалында өтіп жатыр. «Интерфакстың» мәліметінше, соңғы екі тәулікте қақтығыстардан 18 полиция және 26 әскери қызметкер қаза тапқан. Ақпар бойынша, қазір Тәжікстан қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды екі офицері ұсталды.  Ал бүлікшілер көсемінің туған ағасы Абдухает Назарзода  құқық қорғаушыларға өзі берілген.

Еске салсақ, 4 қыркүйек күні таңертең елдің Вахдат қаласында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалған болатын. Кейін Душанбе қаласында дәл осындай екі оқиға тіркелді. Тәжік билігі террористік іс-қимылдардың өзара байланысты болуы мүмкін екенін алға тартуда.

Жұрағат БАМАН