Русский Сайттың толық нұсқасы

Құс өнімдерінің бағасы 10-20 пайызға өседі

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2015
  • 2299

Құс өнімдерінің бағасы 10-20 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында құс шаруашылығы саласымен айналысатын «Шаңырақ» компаниясының бас директоры Максим Божко мәлімдеді. Кәсіпорын басшысының айтуынша, бұл жағдайдың алдын алу мүмкін емес. Яғни Қазақстанда құс еті мен жұмыртқа бағасының көтерілуі болмай қоймайтын жағдай. Оған басты себеп доллар бағасының көтерілуі. Құс шаруашылығы саласының өкілдері шетелден жеткізілетін минералды қоспалар мен ветеринарлық дәрі-дәрмектердің бағасы да таяу аралықта өсетіні жайлы хабар алған.

Максим Божко, «Шаңырақ» Басқарушы компаниясының бас директоры:

Өнімнің өзіндік құны 30-40 пайызға емес, 10-20 пайызға өседі деп күтіліп отыр. Біздің кәсіпорында тауар бағасы жыл аяғына дейін артатын болады. Қазіргі уақытта шетелдік құс азығын жеткізуші компаниялар хабарласып, бағаны өсіретіні туралы хабарлап жатыр. Сондықтан құс еті мен жұмыртқаның бағасы бірден емес ақырындап көтеріледі. Бұл бір емес, бірнеше айдың ішінде болатын жағдай.

Берік ХАСЕНОВ