Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО 60 жағажайдың тек 37-сі шомылу маусымына дайын

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2016
  • 1872

Шығыс Қазақстан өңірінде ретсіз шомылу алаңдары көбейген. Мұндай аумақтардың түбі тазартылмағаны былай тұрсын, тіпті құтқарушылар мен эпидемиологтар да жоқ. Салдарынан өткен демалыс күндері облыста 4 адам суға кетті, арасында 1 бала бар. Демалыс орындарының қожайындары қауіпсіздік мәселесіне келгенде неге үнемшіл? Оларды жауапкершілікке тарту қаншалықты қиын? Тілшіміз тарқатады.

Өскеменде шомылу маусымы ресми түрде ашылған жоқ. Әйтсе де  жағажайларда тынығушылардың қарасы қалың. Арасында шомылып жүргендер де бар. Өңірде сынап бағанасы +30 градустан асып кетті. Ыстыққа шыдамағандарды жағалаудың ластығы, құтқарушылардың жоқтығы мен өзен түбінің тексерілмегені ешбір алаңдатпайды. Шомылу алаңына құм да төгілмеген. Тіпті күннен қорғанатын шатырлар жоқ.

Марина Королева, Өскемен қаласының тұрғыны: 

Әрине, жақсырақ болғанын қалаймыз. Амал жоқ, барына қанағат. Құтқарушылар болу керек, демалу орындары, дәмхана да керек. Суда шомылып жүрген баласына көмектесуге жүгірген әйел бізге берген сұхбатын да аяқтай алмады.

-Вот смотрю, и мама быстро побежала? -Да, вместо того, чтобы был спасатель и смотрел за ребятами.

Судан құтқару қызметі хабарлағандай, демалыс орындарына арнаулы комиссияның рұқсаты берілгеннен кейін ғана  құтқарушылар жіберіледі. Әуелі аймақты абаттандыру қажет. Сосын сүңгуірлер су түбін тазартуы тиіс. Бұл жұмыстың бір шаршы метрінің құны 90 теңге тұрады. Бірақ, алаң иелері шомылу аумағын тазартуға өтініш беруге асығар емес. 60 демалыс орнының 37-сінің жағажайы талапқа сай. 

Анатолий Рожков, ШҚО судан құтқару қызметінің өкілі:

Өкілеттігіміз болмағандықтан, айыппұлдарды өндіру барысын бақылай алмаймыз. Біздің әрекетіміз тек ұсыныс ретінде қалады. 

Судың тазалығына келсек, эпидемиологтар алғашқы сынаманы енді ғана зерттеуге алғанын айтты. Шомылуға болатын-болмайтыны 10 күннен кейін анықталмақ. Бірақ бұл жағдай тұрғындарға тосқауыл емес.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ